Діндарлар жемқорлыққа қарсы семинар кеңес өткізді

12 Ақпан 2019, 22:22
1834
Бөлісу:
Діндарлар жемқорлыққа қарсы семинар кеңес өткізді

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті «Діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру саласында заңнама бұзушылығына жол бермеу» тақырынбында семинар кеңес өткізді.

Кеңес барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Бас прокуратураның, Қарағанды ​​мен Павлодар облысының дін істері жөніндегі басқармаларының және Қазақстан Мұсылмандарының Діни басқармасы, Қазақстандағы Православ және Католик шіркеулерінің өкілдері баяндама жасады.

Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын өзінің алғы сөзінде заңнама бұзушылықтарын азайтуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған заңдарды қатаң сақтау қажеттілігі жайында атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлық көріністері қоғамның прогрессивті дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан мемлекет пен барлық азаматтық қоғам институттары осы жағымсыз құбылысқа қарсы тұру үшін күш-жігерді біріктіруі тиіс, атап айтқанда, тек қана жеке командаларда ғана емес, тұтастай қоғамда құқық бұзушылықтарды жасайтын жағдайлар мен себептерді анықтай отырып, жоюға және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік атмосферасын құруы қажет», -деді вице-министр.

Семинар барысында мемлекеттік органдардың өкілдері Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзушылықтарының алдын алу және осы бағытта атқарылып жатқан шаралардың оң нәтиже беріп отырғанын атап өтті.

Өз кезегінде, Діни қызметкерлер әрбір әлемдік және дәстүрлі дінде адамның өмірін реттейтін, оның этикалық стандарттарын көрсететін нұсқаулар бар екенін және де олар әртүрлі болса да, олардың жалпы мағынасы - жемқорлықтан бас тарту екенін айтты.

Қатысушылар діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру саласындағы заң бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша ашық диалог жүргізіп, нәтижелі пікір алмасты.

Өзгелердің жаңалығы