Желтоқсанда қазақстандық туризм индустриясының үздіктері анықталады

18 Қазан 2019, 15:24
2745
Бөлісу:
Желтоқсанда қазақстандық туризм индустриясының үздіктері анықталады
Серіктестік материал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "National Tourism Awards 2019" екінші Ұлттық Жүлдесіне өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 31 қазанына дейін жалғасады.

Шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "Kazakh Tourism "ҰК" АҚ ұйымдастыруда. Жүлденің негізгі мақсаты - ішкі және сыртқы туризмін дамыту, туризм индустриясының көшбасшыларын анықтау, туризм мен қонақжайлылық индустриясында қызмет көрсету сапасын жақсарту.

Ұлттық Жүлде - туристік сала, мемлекеттік органдар және ҮЕҰ өкілдері арасында байланыс орнатуға арналған бірегей мүмкіндік алаңы.

Биыл туристік және қонақжайлылық саласының үздік өкілдері он аталым бойынша бақ сынасады. Үздіктер келесі аталымдар бойынша таңдалады.

1) "Жылдың үздік туристік компаниясы"

2) "Үздік гид -экскурсия жүргізуші"

3) "5 санаттағы ең үздік қонақ үй"

4) "4 санаттағы ең үздік қонақ үй"

5) "3 санаттағы ең үздік қонақ үй"

6) "Үздік шипажай"

7) "Балалар мен жасөспірімдер туризмі бойынша жыл жобасы"

8) "Туризмді насихаттаудың үздік жобасы"

9) "Туризм туралы үздік блог"

10) "Оқиғалық туризм бойынша үздік жоба"

Ұйымдастырушылар мен серіктестердің арнайы номинациялары:

"Қазақстандағы туризмнің дамуына қосқан үлесі үшін",

"Үздік бизнес-жоба",

"Қолөнерді дамытуға қосқан үлесі үшін".

Құрметті достар, "National Tourism Awards - 2019" Ұлттық сыйлығына қатысқысы келетіндерге арнап біз тіркеу жұмыстары бойынша арнайы нұсқаулық жасадық. www.tourismawards.kz ресми сайтында өтінімді толтырып, байқауға қатысуға асығыңыздар. Сайтта тіркеу рәсімі туралы толық нұсқаулар берілген. Марапаттау рәсімі 2019 жылдың 6-желтоқсанында Нұр- Сұлтан қаласындағы "Nomad City Hall"-да өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша мына электрондық поштаға infoawards@qazatourism.kz сонымен қатар, +7 7017160350, +7 701 8299533 телефон номеріне хабарласыңыздар!⠀

"National Tourism Awards - 2019" Ұлттық Жүлдесінен қапы қалмаңыздар!

Өзгелердің жаңалығы