#Желмая. Зейнетақы қорындағы жинақ ақшаны алуға құқылы 700 мың адам кім?

4 Қыркүйек 2020, 12:40
4490
Бөлісу:
#Желмая. Зейнетақы қорындағы жинақ ақшаны алуға құқылы 700 мың адам кім?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасында бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек Арыстанбеков қонақ болып, төмендегі бірқатар өзекті сұраққа жауап берді.

Биылғы Жолдау қоғамдағы проблемаларды дөп баса алды ма? Басқару жүйесі жаңа бағыт алу керек деді, осы ретте Қазақстан әрі қарай қандай жолмен жүруі керек? Елімізде құрылатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінен ұтарымыз не? Шетелдік компанияларға қандай талап қою керек? Зейнетақы қорындағы жинақ ақшаны алуға құқылы 700 мың адам деген кімдер? Ауыл әкімдерін халық өзі сайлаған күннің өзінде ол билік пен бұқара арасындағы кедергіні жоя ала ма?


"Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

"Желмая" жобасының бұған дейінгі қонағы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев болған еді.



Өзгелердің жаңалығы