Бас жаңалықтар
#Желмая. QazVac-тың тез арада дайындалуының құпиясы неде?
VIDEO
22 Қазан 2021, 15:25 11086

#Желмая. QazVac-тың тез арада дайындалуының құпиясы неде?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы – Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ микроағзалар коллекциясы зертханасының меңгерушісі, философия докторы (PhD),  ғалым, отандық QazVac вакцинасын әзірлеушілердің бірі Қуандық Жүгінісов.  

Ғалым неліктен өзін соғыс жағдайындағыдай сезінді? Алғаш індет жұқтырғандардан вирустың штамын қалай бөліп алды? Вакцинаны ең бірінші болып кім тәуекелге барып, салдырып көрді?  Отандық вакцина жаңа штамдармен күресуге қаншалықты қауқарлы? Әлемдегі бүкіл коронавирус инфекциясын жинап алдық десек, ол қандай көлемді алады? Болашақта QazVac балаларға салынуы мүмкін бе? Бүгінде QazVac вакцинасының тиімділігі қанша пайызды көрсетеді? Күндердің күнінде вакцинаның арқасында қатерлі індеттен құтылуымыз мүмкін бе, вирус тұмау секілді арамызда қалып, бізбен бірге өмір сүре бере ме? Айналдырған 9 айдың ішінде жасалып шығарылған отандық екпенің тез жасалуының құпиясы неде? Қалыпты өмірге қашан ораламыз? Ел көкейінде жүрген осы және өзге де сұрақтарға жоба қонағы жауап берді. 


«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

Бұған дейін жобамыздың қонағы  Астана Мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов Сбермен цифрлық ынтымақтастық жасау, қазақша контент құру туралы айтқан болатын.


Фото: BAQ.KZ
Загрузка...