#Желмая. COVID-19: Шекараны толық жабуда осалдық таныттық – депутат

19 Сәуір 2020, 13:11
3626
Бөлісу:
#Желмая. COVID-19: Шекараны толық жабуда осалдық таныттық – депутат
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

"Желмаяның" бүгінгі қонағы – ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы.

Бүгіл әлемге тарап кеткен індетке байланысты жарияланған карантиннің зардабы қандай болмақ? Мемлекет экономикалық сынаққа қаншалықты дайын? Денсаулық сақтау саласының жағдайына, оның ішінде дәрігерлерге байланысты туындаған мәселелерге байланысты депутаттың айтар пікірі бар ма? Қазіргі таңда білім саласындағы туындаған қиындықтар туралы ойы қандай? Парламентте қабылданатын заңдар неліктен орыс тілінде шығарылады? Қазақстандағы халықтың әл-ауқаты қандай? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын Мұрат Бақтиярұлы бағдарлама барысында айтып берді. 


"Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Жобамыздың бұған дейінгі қонағы экономист, экономика ғылымдарының докторы, Қазақ технология және бизнес университетінің оқытушысы Сапарбай Жұбаев болды.

Өзгелердің жаңалығы