Бас жаңалықтар
#Желмая. Медицина университеттерін бітірген студенттер қайда жүр?
VIDEO
12 Қазан 2020, 18:19 688

#Желмая. Медицина университеттерін бітірген студенттер қайда жүр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы директорлар кеңесінің төрағасы, экс-сенатор Бексұлтан Тұтқышев «Желмая» жобасында қонақта болды.

Коронавирустың екінші толқыны келе ме? Одан қалай сақтану қажет? Бексұлтан Тұтқышевтың «Денсаулық кодексіне» неге жыны келді? Вирусқа қарсы ем бар ма? Балаларды мектепке жіберу керек пе? Медицина университеттерін бітірген студенттер қайда жүр? Отандық мамандар неге шетелге кетіп жатыр? Осы және өзге де сұрақтарға Бексұлтан Тұтқышев жауап береді.


«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Жобамыздың бұған дейінгі қонағы қоғам қайраткері Мұрат Әбенов болған еді.


Фото: BAQ.KZ
Загрузка...