#Желмая. Коронавируста "командировка" жоқ – Ерболат Дәленов

27 Наурыз 2020, 12:15
3949
Бөлісу:
#Желмая. Коронавируста "командировка" жоқ – Ерболат Дәленов
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

"Желмая" жобасының екінші маусымы басталды. Жоба жүргізушісі – Асхат Садырбай. Бүгінгі қонағымыз – медицина ғылымдарының докторы, профессор Ерболат Дәленов.

Күллі әлемді дүр сілкіндіріп отырған COVID-19 коронавирусынан қорғанудың негізгі жолдары қандай? Оның таралуының алдын алу үшін не істеу керек және не істеуге болмайды? Америкалықтар неліктен қазір көптеп сары май жеп жатыр? Жылқы еті қанша ауруға ем болады? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын профессор Ерболат Дәленов жоба барысында ашып айтып берді. 


"Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.


Өзгелердің жаңалығы