#Желмая. Халықтың қанша пайызы коронавируспен ауырып шықты?

16 Қыркүйек 2020, 12:00
2902
Бөлісу:
#Желмая. Халықтың қанша пайызы коронавируспен ауырып шықты?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы – анестезиолог-реаниматолог дәрігер Ғабит Нұрханұлы.

Коронавирустың екінші толқынына дайындығымыз қандай? Дәрігерлер мен жауапты тұлғалар қандай сабақ алды? Коронавирус тарихта қандай із қалдырды? Халықтың қанша пайызы коронавируспен ауырып шықты? Тұмау мен коронавирусты бөлуге бола ма? Емдеу хаттамасы бір айда қанша рет өзгерді? Екінші толқында балалар көп ауырады деген қаншалықты рас? Әлем дәрігерлік құрамын қалай жасақтап жатыр? Отандық дәрігерлердің шетелге кетіп қалуы мүмкін бе? Несие, қарыз, отбасылық проблемалар иммунитетке қалай әсер етуі мүмкін? Осы және өзге де сұрақтарға анестезиолог-реаниматолог дәрігер Ғабит Нұрханұлы жауап берді.


«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

«Желмая» жобасының бұған дейінгі қонағы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Дәурен Бабамұратов болған еді.

Өзгелердің жаңалығы