#Желмая. Карантин кезінде депутаттар не істеді?

11 Қыркүйек 2020, 12:35
3261
Бөлісу:
#Желмая. Карантин кезінде депутаттар  не істеді?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских. 

Карантин кезінде депутаттар не істеді? Мәжілісте неге жас депутаттар аз? Халықтың мәдениетін айыппұлмен көтеру қаншалықты дұрыс? Жануарларды қорғау туралы заң елімізге не үшін қажет? Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту үшін не істеу керек? Ассамблеяның қажеттілігі бар ма? Осы және өзге де сауалдарға депутат Геннадий Шиповских жауап берді.


«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

«Желмая» жобасының бұған дейінгі қонағы Мемлекеттік істер комитетінің Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Олжас Отар болған еді.

Өзгелердің жаңалығы