Бас жаңалықтар
#Желмая. Ерлан Қарин коронавирус пен теңгенің тартысы туралы
VIDEO
25 Наурыз 2020, 15:33 458

#Желмая. Ерлан Қарин коронавирус пен теңгенің тартысы туралы

Желмаяның бұған дейінгі шығарылымында ҚР президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин пандемия, төтенше жағдай мен карантин туралы сұхбат берген болатын.

Елімізде соңғы кездері белең алған экономикалық дағдарысқа спикеріміздің айтар пікірі қандай? Теңгенің құлдырауына не себеп? Ұлттық кеңес жұмысының барысы мен мақсаты қандай? Ол не үшін құрылған? Халыққа берер пайдасы бар ма? Президент кеңесшісінің әйгілі Джеки Чанмен қарым-қатынасы қандай? Қазақстанмен байланысты қандай фильм түсірілмек? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын ҚР президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин жоба барысында талқылап берді.


"Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.


Фото: BAQ.KZ
Загрузка...