#Желмая. Экология саласындағы ең басты мәселе қандай?

2 Қыркүйек 2020, 12:39
3939
Бөлісу:
#Желмая. Экология саласындағы ең басты мәселе қандай?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Желмая" жобасының бүгінгі қонағы – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев.

Елде экотуризмді дамыту үшін қандай шаралар жүзеге асырылып жатыр? Қорықшы болу неге оңай емес? Аңды заңсыз аулағандарға қандай жаза қолданылады? Ұлттық парктерде қалай саяхаттауға болады? Қандай жоспар әзірленіп жатыр? Заңды білмеу неге алып келді? Ерекше қорғалатын табиғи жерлер неге жекеменшікте? Экомәдениетті дамыту үшін не істеу керек? Осы және өзге де сұрақтарға сұхбат барысында Ерлан Нысанбаев жауап берді.


"Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

"Желмая" жобасының бұған дейінгі қонағы саясаттанушы Қазбек Майгелдинов болған еді.

Өзгелердің жаңалығы