#Желмая. ДСМ ресми өкілі: БАҚ-қа барынша ашық болуға уәде беремін

5 Тамыз 2020, 15:42
3136
Бөлісу:
#Желмая. ДСМ ресми өкілі: БАҚ-қа барынша ашық болуға уәде беремін
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Желмаяның" бүгінгі қонағы – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

Жуырда ғана ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі қызметін бастаған Бағдат Қожахметовтің басты міндеті қандай? Карантин уақыты әлі де созылуы мүмкін бе? Ауруханалардағы төсек-орын, дәріханалардағы дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі қалай шешілуде? Министрлік қазір қандай алгоритм бойынша жұмыс істеп жатыр?
Бағдат Қожахметов осы тектес бірнеше сауалға жауап берді.


"Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

"Желмая" жобасының бұған дейінгі қонағы ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы болды.

Өзгелердің жаңалығы