#Желмая. Дәулет Төлеутайұлы: Тегін үй алу үшін ғарышкер болу керек

21 Желтоқсан 2019, 10:18
10540
Бөлісу:
#Желмая. Дәулет Төлеутайұлы: Тегін үй алу үшін ғарышкер болу керек
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Халықтың қаржылық жағынан сауатын ашу, банктің тілімен емес, қазақтың тілімен түсіндіру керек. Үй алудың мүмкіндіктері мен банк терминдері қандай? Экономика ғылымдарының магистрі, "Баспаналы бол" жобасының авторы, Instagram-дағы #дәулеттен аккаунтының иегері Дәулет Төлеутайұлы пәтер алудың тиімді жолдары мен қазіргі нарық тұрғысындағы пікірімен бөлісті. 




"Желмая" жобасы – бір кездерде бас қалаға білім іздеп, білік іздеп, кәсібін шыңдауға, өмірінде жаңа белес бағындыруға келген жандардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

"Желмаяның" бұған дейінгі қонағы әнші, продюсер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері Майра Ілиясова болған еді.



Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы