#Желмая. Белсіздік деген не, бедеулік деген қандай түсінік?

27 Қазан 2020, 15:10
6648
Бөлісу:
#Желмая. Белсіздік деген не, бедеулік деген қандай түсінік?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін дәрігер-репродуктолог, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Алмаз Ибрагимов «Желмая» жобасында қонақта болып, саладағы басты проблемалар жөніндегі ойымен бөлісті.

Белсіздік деген не, бедеулік деген қандай түсінік? Бедеулік неге белең алып барады? Отау құрмастан бұрын екі жастың медициналық тексеруден өтуі қаншалықты маңызды? ЭКО-ға толық сенуге бола ма? Оның құны қанша? Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауда ЭКО мәселесіне квота көлемін арттыру жөніндегі тапсырмасы бұл мәселені қаншалықты шеше алады? Тұрмыс құрмаған жалғызілікті әйелдер квотаға іліне ала ма? Осы және өзге де сұрақтарға дәрігер-репродуктолог Алмаз Ибрагимов жауап берді.


«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

«Желмая» жобасының бұған дейінгі қонағы ҚР Энергетика вице министрі Жанат Жахметова болды.


Өзгелердің жаңалығы