Бас жаңалықтар
#Желмая. Айдос Сарым: Бізге ылаң емес, заң керек
29 Наурыз 2021, 15:39 1324

#Желмая. Айдос Сарым: Бізге ылаң емес, заң керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осыдан бір ай бұрын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жерді шетелдіктерге жалға да беруге болмайтынын мәлімдеген болатын. 

Іле елордада Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Ал әлеуметтік желілерде «жер Қазақстан азаматтарына да сатылмасын» деген пікір көп. 

Бұған қатысты бүгін «Желмая» жобасында қонақта болған Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым «өз басым Қазақстан азаматтарына жердің жеке меншікке берілгенін дұрыс көремін. Себебі, қоғамдағы жағдай, жекешелендіруге деген көзқарас, әділет, әділетсіздік деген түсініктер бұл қадамға қоғамның дайын еместігін көрсетеді», - дейді.

Жалпы, азаматтық алу жағдайын күшейту жолында қандастардың жағдайын қиындатып алмаймыз ба? Жер тағдырын жаңадан құрылған Жер комиссиясының құрамындағы 80 адам шеше ме? Жер комиссиясының не құдіреті бар? Ауыл экономикасын көлеңкеден шығару үшін не істеу керек? Депутат Айдос Сарымның арманы қандай? Осы және өзге де сауалдарға жауапты бүгінгі «Желмая» жобасынан көре аласыз.


Айта кетейік, бұған дейін «Желмая» жобасында қонақта «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев болған еді.


Фото: BAQ.KZ
Загрузка...