#Желмая. Қазір тобырлық мәдениеттің шарықтап тұрған кезі – Иманбаева

11 Тамыз 2020, 15:19
4209
Бөлісу:
#Желмая. Қазір тобырлық мәдениеттің шарықтап тұрған кезі – Иманбаева
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Желмая" жобасының бүгінгі қонағы – әнші, актриса Айгүл Иманбаева. 

Әртіс деген кім? Пандемияда әншілер неге абдырап қалды? Тобырлық мәдениетті кімдер қалыптастырды? Әншіні қандай мәселе мазалайды? Театр әртістері қоғамға қандай үлес қосуы керек? Рухты қалай тәрбиелеу керек? Осы және өзге де сұрақтарға Айгүл Иманбаева сұхбат барысында толық жауап берді.


"Желмая" жобасы – бір кездерде бас қалаға білім іздеп, білік іздеп, кәсібін шыңдауға, өмірінде жаңа белес бағындыруға келген жандардың, билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

"Желмая" жобасының бұған дейінгі қонағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асылбек Смағұлов болды.

Өзгелердің жаңалығы