#Желмая. Адамдар неге жеңіл ақшаға қызығады?

4 Қараша 2021, 12:30
7996
Бөлісу:
#Желмая. Адамдар неге жеңіл ақшаға қызығады?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев. 

Ұлттық қорда қанша ақша бар? Халықтың қаржылық сауаттылығы жоғары ма? Көлеңкелі экономикамен күрес қалай жүріп жатыр? Әрбір азамат салықты неге төлеуі керек? Халыққа не керек? Болашаққа қанша қаражат қалады? Пандемия кезінде қандай шаралар жүзеге асырылды? Экономиканың қай саласына назар аударылып жатыр? Қандай қызметке сұраныс көп? Мектептерде қаржылық сауаттылық бойынша пән енгізу керек пе? Заң талаптарын сақтамайтын кәсіпкерлерге қандай шаралар қолданылады? Адамдар неге жеңіл ақшаға қызығады? Жалпыға бірдей декларация халыққа не береді? Осы және өзге де сұрақтарға Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді. 


«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

Осыған дейін «Желмая» жобасына Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ микроағзалар коллекциясы зертханасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), ғалым, отандық QazVac вакцинасын әзірлеушілердің бірі Қуандық Жүгінісов қонақ болған еді.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы