Алматы, BAQ.KZ. Бүгін әлеуметтік желіде дезинфекциялық жұмыстарға байланысты Алматыда 4 күн суық су болмайды деген ақпарат тарады. Осыған қатысты "Алматы су" мекемесі түсінік беріп, ол мәліметтің жалған екенін хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Алматы қаласында сумен қамтамасыз ету жұмыстары үздіксіз іске асырылады. WhatsApp мессенджері арқылы таратылып жатқан 4 күн ауыз су болмайды деген ақпарат шындыққа жанаспайды, - делінген хабарламада.Сондай-ақ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша көрсетілген мерзімде ауыз судың тоқтатылуы жоспарланбаған. Тұрғындар су құбырлары желісінде жоспарланған жұмыстар туралы ақпаратты almatysu.kz сайтынан көре алады.