Желіде қазақстандық "Айка" фильмінің трейлері пайда болды

3 Қаңтар 2019, 21:02
1780
Бөлісу:
Желіде қазақстандық "Айка" фильмінің трейлері пайда болды

Астана, baq.kz. YouTube-та қазақстандық "Айка" фильмінің трейлері пайда болды. Бұл туралы BNews.kz сайты жазды.

Ресейлік режиссёр Сергей Дворцевойдың кинокартинадағы басты рөлде петропавлдық Самал Еслямова ойнады. Ол биыл мамырда 71-ші Канн кинофестивалінде "Үздік әйел ролі" номинациясы бойынша жеңімпаз болды.

Фильм "Үздік шетелдік фильм" номинациясы бойынша "Оскар" жүлдесінің тоғыз үміткер картинадан тұратын шорт-парақшасына ілікті.

"Айка" фильмі қырғызстандық қыздың өмірін суреттейді, ол Мәскеуде астыртын жұмыс істеп, өмір сүреді. Күтпеген жерден жүкті болып қалған ол баласын перзентханада тастап кетеді. Уақыт өте келе оның аналық сезімі оянып, Айка тастап кеткен ұлын іздей бастайды.

Фильм 14 ақпанда көрсетілімге шығарылады.


Өзгелердің жаңалығы