Жексенбіге арналған ауа райы

24 Ақпан 2019, 09:17
1530
Бөлісу:
Жексенбіге арналған ауа райы

Астана, BAQ.KZ. Синоптиктер 24 ақпан күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батысы мен солтүстік-батысында ауа райы құбылмалы болады, деп болжайды.

Кей жерлерде жауын-шашын болады. Еліміздің жекелеген өңірлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел күтіледі.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысында кей жерлерде тұман болады. Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с күшпен жел соғып, оның екпіні 28 м/с артады.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерді тұман басып, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Түнде кей жерлерде бұрқасын болжанады.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, түнде және таңертең Қарағанды облысында кей жерлерде тұман күтіледі.

Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Күндіз Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасын күтіледі, жел 18 м/с күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы