Шығыс жекпе-жегінің шеберлері елордада тегін сабақтар өткізеді

25 Сәуір 2019, 11:03
3052
Бөлісу:
Шығыс жекпе-жегінің шеберлері елордада тегін сабақтар өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үздік шеберлер Дүниежүзілік тайцзи-цюань және цигун күніне орай ашық шеберлік сағатын өткізеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Сәуір айының алғашқы және соңғы күндері Дүниежүзілік тайцзи және цигун күні аталып өтіледі. Дәстүр бойынша бұл күні әлемде цигун мен тайцзиден тегін және ашық сабақтар өткізіледі.

Қазақстан астанасындағы Шығыс өнерінің шеберлері мен әуесқойлары аталмыш мерекені 27 және 28 сәуірде атап өтпек.

Сабақтар сенбі мен жексенбі күндері сағат 12:00-де Fitness Park Astana сахнасы мен «Астаналық» саябағының орталық аллеясында (бұрынғы орталық) ұйымдастырылады. 

Ушу, цигун және тайцзи мамандарының елордадағы сабақтары мен көрсетілімдері туралы тайцзи-цюань және цигун шебері Александр Чин айтып берді.  

«Сабақ басталмас бұрын шеберлер бұл жаттығулардың біздің денсаулығымызға қалай әсер ететіні туралы баяндайды», - деп атап өтті цигун шебері.

Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Ол үшін мына байланыс телефондарына хабарласу қажет: +7 705 423 1381 және +7 707 500 1357.

Сондай-ақ, WhatsApp, Telegram және WeChat: +7 707 500 1357 арқылы да хабарласуға болады.


Өзгелердің жаңалығы