Жекешелендірудің кешенді жоспары орындалуға жақын

11 Ақпан 2019, 15:57
2312
Бөлісу:
Жекешелендірудің кешенді жоспары орындалуға жақын

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында 2018 жылы меемлекеттік сатып алу мен жекешелендіру бойынша нәтижелерді атады.

«Мемлекеттік сатып алу бойынша барлығы 3,3 трлн теңгеге конкурстар өткізіліп, түрлі меншік нысанындағы 955 мыңға жуық жеңімпаз анықталды. Бір конкурсқа (лотқа – авт) орташа есеппен 4 қатысушы қатысты. Бір лотқа қатысушылардың ең көп саны 60-тан асты. Құрылыс бойынша орташа саны 7-8 құрайды. Көп жағдайда жоғары бәсекелестіктің арқасында мемлекеттік сатып алу бойынша үнем 311 млрд теңгені құрады», - деді Қаржы министрі.

Смайылов жекешелендірудің кешенді жоспарына кірген 898 нысанның 530-ы жоспар жүзеге асқан уақыттан бастап сатуға шығарылғанын айтты.

«Оның 473-і 470 млрд теңге сомасында, оның ішінде республикалық меншіктегі 47 нысан – 44 млрд теңгеге, коммуналдық меншіктегі 246 нысан – 64 млрд теңгеге, ұлттық холдингтің 102 нысаны – 356 млрд теңгеге сатылды. Алты млрд теңгеге әлеуметік кәсіпкерлік корпорациясының 78 нысаны сатылымға шығарылды», - деді ол. 

Жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау 84% құрадыған. Биыл кешенді жоспарға кірген 123 нысанды сатуды аяқтау көзделіп отыр. 

«2020 жылға қарай сатылатындар тізімінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның 22 ірі, оның ішінде IPO/SPO арқылы іске асыруға жататын топтық нысан қалады», - деді министр.

Еске сала кетсек, Қаржы министрі 2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетті толық игермеген министрліктерді атаған болатын. Сонымен қатар мемлекеттік кірістің қанша болғанын айтты.

Назерке Абибулла

Өзгелердің жаңалығы