Жеке үйлердің жылыту пештері талаптарға сай ма? – ТЖМ рейд жүргізді

17 Қыркүйек 2020, 20:18
3402
Бөлісу:
Жеке үйлердің жылыту пештері талаптарға сай ма? – ТЖМ рейд жүргізді
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі халыққа өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша елордадағы жеке түрғын үйлерге рейд жүргізді.

ТЖМ қызметкерлерімен бірлесіп, жылыту пештері қандай болуы керек, қандай болмауы керек екені рейд кезінде тұрғындарға түсіндірілді.

Жеке үйлердің жылыту пештері талаптарға сай ма? – ТЖМ рейд жүргізді

ТЖМ қызметкерлерімен бірге өрттің алдын алу бойынша түсіндіру жұмысын жүргізіп жүргенімізді айтып, алғашқы үйге кірдік.

Жеке үйлердің жылыту пештері талаптарға сай ма? – ТЖМ рейд жүргізді

«Өрт – тілсіз жау» деп айтқандай, жылыту маусымы қарсаңында алдын алу шараларын өткізіп жатырмыз. Рұқсат болса, сізге түбіртек тапсырып, пешіңізді тексеріп өтсек, - деді ТЖМ қызметкерлері рейд кезіндегі тексеріс жүргізілген үй иесіне.

Жеке үйлердің жылыту пештері талаптарға сай ма? – ТЖМ рейд жүргізді

Бірінші тексерілген үйде өрт қауіпсіздігі талаптары сақталған.

Жеке үйлердің жылыту пештері талаптарға сай ма? – ТЖМ рейд жүргізді

Үй иесі пешті өзі жағатынын, үйде кішкентай балалар жоқ екенін айтты.

Айта кетейік, аталған акция аясында 280 мыңнан астам тұрғынға нұсқаулық және өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары айтылып, түсіндірілді. Сондай-ақ, шара шеңберінде жеке тұрғын үй иелеріне өртке қарсы тақырыбында жадынамалар және нұсқаулықтар таратылуда.

Тізімдегі екінші үйге келгенде ТЖМ өкілі үй иесімен сәлемдесіп, қандай мақсатпен келгенін түсіндірді.

Жеке үйлердің жылыту пештері талаптарға сай ма? – ТЖМ рейд жүргізді

Өртке қарсы қызметтен келіп тұрмыз. Жылыту маусымына байланысты әр үйге келіп, от жағатын пештердің қалай болуы керек екенін, сондай-ақ қандай талаптар сақталуы қажет екенін түсіндіріп жүрміз, - деді ТЖМ Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі басқарманың бас маманы, азаматтық қорғау майоры Бауыржан Бейсенханов.
Жылыту маусымы басталар алдында пештің от жағу жүйесін және мұржа жүйесін 2-3 айда бір рет тазартып отыру керек. 

Жеке үйлердің жылыту пештері талаптарға сай ма? – ТЖМ рейд жүргіздіАлайда күнделікті тоқтаусыз жанатын пештердің күйесі мен күлін 2 айда бір рет тазартып отырған дұрыс. 

Бауыржан Бейсенхановтың айтуынша, азаматшаның үйінде бірнеше бұзушылық анықталды.

Жеке үйлердің жылыту пештері талаптарға сай ма? – ТЖМ рейд жүргізді

Пештің үстіндегі металда кемінде 1,5 см-ден аса жарықтар болмауы керек. Себебі жарықтар арқылы улы газдар шығуы мүмкін. Оның салдарынан адамдар зардап шегуі мүмкін. Әр пештің алдында 50-70 көлемінде металдан жасалған парақтары болуы керек. Ол парақшасын қазір көріп тұрған жоқпыз. Осыған ұқсас пештің түтіні шығатын каналдарында жарықшықтары бар. Ол каналдардан да улы газдар шығуы мүмкін. Қосымша айта кететін болсақ, пештің айналасынан кем дегенде 50 см жанғыш заттар болмауы керек. Үй иесі пешінің маңында отындар тұр. Оған қоса пештің айналасында жанғыш сұйық заттарды көріп тұрмыз. Сондай-ақ пештің қасында газ балоны тұр. Мұның бәрі пештің қатты қызуы кезінде жарылысқа әкеліп соғуы мүмкін екенін үй иесіне Бауыржан Бейсенханов түсіндіріп берді.

Тексеріс барысында үйде өрт қауіпсіздігінің 5-6 талабы бұзылғаны анықталды.

Жеке үйлердің жылыту пештері талаптарға сай ма? – ТЖМ рейд жүргізді

Үй иесі сөз арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзып тұрғанын білмегенін айтты.


Тексеріс кезінде үйде пеш маңында 6 ереже бұзылғандығын түсіндіріп, айтып берді. Алдағы уақытта мұны түзетеміз. Себебі үйде кішкентай балаларымыз бар. Бірақ өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзып отырғанымызды білген жоқпыз. Осы түсіндіру жұмысы арқасында ережемен таныстым. Енді талаптарды сақтайтын боламыз, - деді үй иесі Алма Дадиева.
Жеке үйлердің жылыту пештері талаптарға сай ма? – ТЖМ рейд жүргізді

Айта кетейік, елімізде жылыту маусымына дайындық 15 тамыздан басталды. 

Жеке үйлердің жылыту пештері талаптарға сай ма? – ТЖМ рейд жүргізді
Енді екінші кезеңі 15 қазаннан 15 сәуірге дейін жалғасады. Жыл сайын елімізде жылыту маусымы айлығы өтеді. Қазіргі таңда жеке тұрғын үйдің пештерін тексердік, үй иелеріне түсіндірме жұмысын жүргізіп, жадынамалар тараттық. Тексеріс барысында пештерден ақаулар да табылды, - деді Бауыржан Бейсенханов рейд қорытындысы бойынша.

Жеке үйлердің жылыту пештері талаптарға сай ма? – ТЖМ рейд жүргізді

Пештерге қойылатын негізгі талаптар:

- Жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға болмайды;
- Кәмелетке толмаған балаларға пешті тапсыруға болмайды;
- Жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ жанғыш заттарды пештің айналасына не болмаса кемінде 50 см жерге қойып, кептіруге болмайды;
- Пештің алдына жанғыш заттарды, отындарды, шоқ түсу қаупі бар жерлерге отындарды қалдырмау;
- Пешті қатты қыздыруға болмайды;
- Диаметрі кемінде 1,5 см саңылаулары бар пештің жапұыштарын пайдалануға болмайды;
- Ақаулары, жарықтары және саңылаулары бар пештерді пайдалануға болмайды;
- Желдетуге не болмаса газ каналдарын пайдануға болмайды.

Жеке үйлердің жылыту пештері талаптарға сай ма? – ТЖМ рейд жүргізді

15 тамыздан бастап жеке тұрғын үйді тексеру жұмыстары басталды. Дегенмен жылыту маусымы аяқталғанша тексерілген үйді қайта 1-2 рет тексереді. Ал бұзушылық және ақаулары табылған үйлер міндетті түрде қайда тексеріліп, бақылау жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы