Бас жаңалықтар
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн аккредиттеу тоқтатылды - министрлік
07 Сәуiр 2020, 22:39 214

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн аккредиттеу тоқтатылды - министрлік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізуді уақытша тоқтаттады.

Бұл шешім "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайда енгізу туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамсыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес қабылданып отыр.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес қызметінің шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу тоқтатылады - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Аккредиттеуді қайта бастау мерзімі туралы қосымша хабарланатын болады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...