Бас жаңалықтар
Жеке күзетке қойылатын міндеттер артады – ІІМ
24 Мамыр 2019, 18:19 789

Жеке күзетке қойылатын міндеттер артады – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан күзет ұйымдары ассоциациясы президентімен Анатолий Калинимен және «Атамекен» ұлттық экономика палатасының өкілдерімен кездесті. Бұл туралы  ІІМ ресми сайты хабарлады.

Кездесу барысында Ішкі істер органдарының қоғамдық тәртіпті күзетудегі жеке күзет ұйымдарымен өзара іс-әрекеттері, күзет қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды. 

Қазіргі уақытта 23 мың күзетші қоғамдық тәртіп күзетіне қатысады. Полициямен бірге патрулдеу үшін жеке күзет ұйымдары 683 жедел топ бөлген. Оның құрамында 2 мың күзетші бар. Жыл басынан бері жеке күзет ұйымдарының күзетшілерінің қатысуымен 254 қылмыстық құқық бұзушылық ашылды, 3,5 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 441 ұрлықтың жолы кесілді. 

Министр атап өткендей, күзет ұйымдары құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың мүдделерін қорғау мәселесінде полициямен өзара байланыстың тиімділігін арттырудың әлеуетіне ие. 

«Бірінші кезекте бұл күзет қызметі саласындағы технологияны дамытумен байланысты. Күзетке алынған нысаннан SMS-хабарлама жолдау және нысанды онлайн-режимде қашықтықтан қарау сияқты нысандарды күзету үшін қолданылатын жаңа технологиялар барлық штаттан тыс жағдайлар туралы ақпаратты тез алуға және жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Сондықтан, біз үшін қолдағы ақпаратты жедел алмасу мәселесі және жеке күзеттің техникалық мүмкіндіктерін дамыту маңызды», – деп атап өтті. Ерлан Тұрғымбаев. 

Министр сондай-ақ, қазіргі уақытта ІІМ заңнамалық реформалар жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Бұл реформаны іске асыру күзет қызметін дамытуға септігін тигізеді. Соның ішінде ІІО жаңғырту бойынша Жол картасын іске асыру аясында бүгінде полиция қызметкерлері күзететін нысандардың басым бөлігін жеке күзет саласына беру мәселесі қаралуда. 

Бұған қоса, таяу уақытта еруопалық елдердің тәжірибесі бойынша көпшілік шараларда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге полицияның шағын ғана тобы тартылатын болады. Ол үшін ІІМ өз кезегінде Мәдениет және спорт министрлігімен бірге көпшілік шараларды ұйымдастырушылардың өткізілетін шараның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жеке күзет құрылымдарының қызметкерлерін тарту міндетін енгізуге қатысты нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізіледі. 

Сондай-ақ, қазіргі уақытта ІІМ барлық мектеп мекемелерін жеке күзет ұйымдарының білікті күзетіне тапсыру бастамасын көтеруде.
Сондықтан жеке күзетті қолдану саласы мен олардың алдына қойылатын міндеттер кеңейе түседі. Кездесу барысында айтылған барлық ұсыныстардың бәрі қаралып, оның ішіндегі ең конструктивті ұсыныстар ІІМ Бақылау кеңесінің қарауына енгізіледі.  

Бірлесе талқылаудан кейін Ерлан Тұрғымбаев пен Анатолий Калинан ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

«Меморандумға қол қоя отырып, біз еліміздегі құқықтық тәртіпті сақтау жөніндегі жұмысты жалғастыру және осы мақсатқа қол жеткізу үшін өзара тиімді шараларды жүзеге асырудағы өзара ынтымақтастығымызды міндетті түрде жалғастыратын боламыз», - деді сөзін қорытындылаған Ерлан Тұрғымбаев. 

Күн сайын күзет ұйымдарының қызметкерлері қызмет атқара отырып, қылмысқа қарсы күреске өз үлестерін қосады. Іс-шараның қорытындысы бойынша министр бірқатар күзет фирмаларының басшыларын және құқықтық тәртіпті қорғауда ерекшеленген қызметкерлерін медальдармен, грамотамен және алғыс хатпен марапаттады. 

 


Фото: дереккөз
Загрузка...