Жеке қосалқы шаруашылық туралы заң жобасы нені көздейді?

29 Қараша 2021, 18:59
1877
Бөлісу:
Жеке қосалқы шаруашылық туралы заң жобасы нені көздейді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Төлеутай Рахымбеков хабарлады. Оның айтуынша, «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» Заң жобасы туралы идея алғаш рет «Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» әзірлеп жатқан тұста – 2003 жылы жазда туындаған.

Сол уақытта АШМ 2003 жылдың 1 қаңтарында есепке сәйкес ел аумағындағы барлық 7660 елдімекенге талдау жүргізді. Салыстыру үшін айтар болсақ, арада 18 жыл өткен соң 2021 жылы 1 қаңтарда республикада 6 332 ауыл қалды. 18 жыл ішінде картадан 1338 ауыл жоғалып кеткен немесе орта есеппен жылына 75 ауыл жойылған. Әр ауылды 123 көрсеткіш бойынша талдадық. Сол кезде жеке қосалқы шаруашылық деген түсінікпен бетпе-бет келдік. 1,7 млн-дай ЖҚШ ауыл шаруашылығының бүкіл жалпы өнімінің жартысын өндірген, - деп атап өтті министрдің кеңесшісі.

Атап айтқанда, 80%-дан астам мал шаруашылығының өнімі ЖҚШ-ға тиесілі болған.

Ал халықтың тұтынуына тікелей жеткізілетін өндірістік тауарлардың жеке түрлерін, соның ішінде көкөніс, жеміс, картоп, ет, сүт өндірісі – 70-75-80%-ы – елде өндірілетін бүкіл өнімнің осынша пайызы – дәл осы ЖҚШ мен шаруа қожалықтарынан шыққан. ШЖҚ өнімді мемлекет тарапынан ешқандай назар мен мемлекеттік қолдаудың бір тиынын да қажет етпестен өндіре алады, - деді Төлеутай Рахымбеков.

Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі ШЖҚ туралы заңның маңыздылығы азаматтардың жекеменшік иелігіндегі мал санын шектемейді деп отыр. Тек шектеулер ауылдың төңірегінде рұқсат етілген көлемнен аспайтын малды асырауды көздейді.

Қазақстандықтар қанша мал өсіреміз десе де өз еркі. Бірақ заң мен ережелер шеңберінен аспауы тиіс. Ауылдың ішінде ветеринарлық, санитарлық, зоотехникалық нормаларға негізделген нормативтер шеңберінде мал ұстауға рұқсат. Ал нормативте жазылған мал санынан асып кетсе, елдімекеннің сыртында тиісті жерлерде өсірсін, - дейді ол.



Өзгелердің жаңалығы