Төтенше жағдай. Жеке тұлғалардың банк шоттарына қойылған шектеулер алынады

6 Сәуір 2020, 20:39
2611
Бөлісу:
Төтенше жағдай. Жеке тұлғалардың банк шоттарына қойылған шектеулер алынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер мен инкассалық өкімдерді аумақтық мемлекеттік кірістер департаменті кері қайтарады.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде төтенше жағдай кезеңінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдайға байланысты табыстан айырылған адамдарға 42500 теңге сомасында ай сайынғы әлеуметтік көмек аудару басталған.

Осыған орай, аумақтық МКД тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкер ретінде тіркеуде тұрған жеке тұлғаларға және жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қатысты шығарылған банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер мен инкассалық өкімдерді қолдады – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Комитет тарапынан Әділет министрлігіне және Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасына бұрын шығарылған сот бұйрықтары мен шешімдері, сондай-ақ жіберілген салық бұйрықтары бойынша азаматтардың кез-келген шоттарына салынған тыйым салудың әрекеттерін уақытша тоқтата тұруды және жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы орындалудағы салық бұйрықтары бойынша тыйым салуды тоқтата тұруды сұрап, хат жолданды.

Еске сала кетейік, осыған дейін микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері санатына жатқызылған салық төлеушілер үшін салықтардың барлық түрі мен әлеуметтік төлемдер бойынша төлем мерзімі 2020 жылдың 1 маусымына дейін кейінге қалдыру туралы, тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, салық және кеден берешегін, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын және мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін тоқтату туралы шешім қабылданған болатын (ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 141 қаулысының 4.1) және 4.2)-тармақшалары).

Өзгелердің жаңалығы