Бас жаңалықтар
Жээнбеков Тоқаевты өз еліне сапармен келуге шақырды
28 Мамыр 2019, 18:45 461

Жээнбеков Тоқаевты өз еліне сапармен келуге шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар аясындағы бірлескен іс-қимыл мәселелері талқыланды. 

«Біздің елдеріміздің ынтымақтастығы артып келеді.  Үкіметаралық, парламентаралық деңгейде жұмыс істеп келеміз. Әлемдік және аймақтық ұйымдарда да біргеміз. Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан тығыз қарым-қатынасты мен одан әрі дамытуға бар күш жігерімді саламын», – деді Қазақстан Президенті. 

Қырғыз Республикасының Президенті жылы кездесуге ризашылығын білдіріп, мемлекетаралық байланыстардың достық сипатын атап өтті. 

«Алыстағы ағайыннан жақындағы көршіні артық көретін біз Қазақстанмен арадағы ынтымақтасты одан әрі дамытуға мүдделіміз. Бүгінде үкіметаралық жол картасы бойынша жұмыстар атқарылуда. Өзіңізді Қырғыз Республикасына сапармен келуге шақырамыз», – деді Сооронбай Жээнбеков. 

Загрузка...