Алматыда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

21 Қазан 2019, 10:27
10701
Бөлісу:
Алматыда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірнеше көліктің қатысуымен болған жол апаты 20 қазан күні кешке Құлжа тасжолында болды, деп хабарлады Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Nissan Maxima және Lexus GS300 автокөліктері Құлжа тасжолының бойымен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Жолдың бойында кептеліс орнағасын Maxima автокөлігі тоқтап қалған. Ал Lexus арнайы автокөліктер жүретін жолаққа ауысқан. Бұл уақытта арнайы жолмен ішінде пациенті бар жедел жәрдем каретасы оңтүстік бағытта кетіп бара жатқан.

"Жедел жәрдем қызметінің жүргізушісі соқтығысып қалмау үшін әрекет жасағанымен жол апатын алдын алу мүмкін болмады. Салдарынан бар жылдамдығымен келе жатқан Lexus жедел жәрдем қызметінің көлігіне соғылып, арнайы көлік аударылып түсіп, кептелісте тұрған Nissan Maxima көлігімен соқтығысады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан фельдшер, каретадағы науқас адам және Lexus жүргізушісі зардап шекті. Үш адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды", - делінген таратылған ақпаратта.

Жол полициясының қызметкерлері жол-көлік оқиғасы болған жерге келіп, тергеу амалдарын бастады.

 

Өзгелердің жаңалығы