Жедел жәрдем қызметіне студент-дәрігерлер тартылады – ШҚО

15 Шілде 2020, 02:35
1311
Бөлісу:
Жедел жәрдем қызметіне студент-дәрігерлер тартылады – ШҚО

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да дәрігерлердің мобильді топтарын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Жуырда облыстың барлық қаласында құрамына студент-дәрігерлер кіретін бригадалар жұмысын бастайды, деп хабарлайды Altaynews.

Аймақта барлығы 269 мобильді топ жұмыс істейді, оның ішінде 178 топ – облыс аудандарында болса, қалғаны – Өскемен мен Семейде.

Мен қазір жедел жәрдем көлігін ұзақ күтуге тура келеді деген халықтың барлық шағымдарымен келісемін. Біздің дәрігерлер қандай жүктемеге тап болғанын бәріміз түсінеміз. Сондықтан оларды босату туралы шешім қабылданды. Бұған мобильдік бригадалар көмектеседі, - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.
Өзгелердің жаңалығы