Жедел жәрдем қызметіне хабарласқандардың 70%-ы ауруханаға жатқызылды

24 Маусым 2020, 11:06
1253
Бөлісу:
Жедел жәрдем қызметіне хабарласқандардың 70%-ы ауруханаға жатқызылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Маусым айында жедел жәрдем қызметіне хабарласқан 5 мыңға жуық шақырушының 70%-ы ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Жүсіпов айтты.

Біз үнемі мониторинг жүргіземіз. Мәліметтер сағат сайын өзгеріп тұрады деп айтсақ та болады. Маусым айынан бастап 5 мыңға жуық шақырту коронавирус індетіне қатысты болған. Оның ішінде 70%-ы ауруханаға жатқызылды. Атап өткендей, алгоритм бойынша жеңіл белгілері бар науқастар үйінде қалдырылады. Ал кейбіреуінен коронавирустың белгілері табылмады, - деді ол. 

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының қалалық жедел медициналық жәрдем стансасың директоры Мұрат Оразбаев Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2623 шақырту коронавирус індетіне қатысты болғанын айтты. 
1 маусымнан бастап осы күнге дейін 2623 шақырту КВИ-ге қатысты келіп түсті. Оның ішінде 1236 науқас ауруханаға жатқызылды. Бұл 48 пайызды құрайды. Қалған науқастар емхана дәрігерлерінің бақылуымен үйіне жіберілді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы