Бас жаңалықтар
Қауіп-қатерге қарсы кәсіби, жедел, үйлесімді әрекет ету керек
PHOTO
26 Қыркүйек 2020, 19:23 176

Қауіп-қатерге қарсы кәсіби, жедел, үйлесімді әрекет ету керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыға жұмыс сапары барысында ҚР Президенті – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың екінші толқынына дайындалу қажеттігін мәлімдеді.

1.jpg

Ағымдағы жылы жылы пандемияға байланысты Қорғаныс министрлігі Радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және экологиялық қауіпсіздік департаментін құрды. Бағынысты әскерлер COVID-19-ға қарсы іс-шараларға қатысып, 29 құрама отрядтар құрылды. Олар еліміздің барлық өңірлерінде арнайы өңдеу жұмыстарын жүргізді.

2.jpg

Нұр-Сұлтан қаласында капитан Нұржігіт Қыстаубаевтың басшылығымен 68665 әскери бөлімінің РХБЗ ротасының әскери қызметшілері тәулік бойы жұмыс істеді. Олар күніне 150-ге жуық әлеуметтік маңызы бар нысандарды өңдеп, жақын маңдағы Қосшы, Талапкер, Қоянды, Қажымұқан, Аққайың елді мекендеріне барды. Қазір әскери қызметшілер апта сайын Ақмола гарнизонында орналасқан әскери нысандарды, сондай-ақ азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру пункттеріне арнайы өңдеуді жүргізеді.

3.jpg

Қойылған міндеттерді орындау үшін бөлімшелер отандық өндірістің АРС-14KZ заманауи арнайы техникасымен жабдықталған.

Жергілікті атқарушы органдар басшыларының ғимараттар мен құрылыстарға, ескерткіштер мен алаңдарға өңдеу жұмыстарын жүргізуге өтініштері осындай жұмыс түрінің қажеттілігін дәлелдейді.

Әскерлердің жеке құрамына алынған тәжірибе, білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын үнемі жетілдіру қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, қауіп-қатерлерге кәсіби және жедел ден қоюға мүмкіндік береді.


Фото: дереккөз
Загрузка...