Жеңіс Қасымбек Сәтбаевқа кетті

24 Шілде 2020, 10:14
3958
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек Сәтбаевқа кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақтанды. Оқиға орнына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек шықты. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

23 шілде күні сағат 21.00-де Сәтбаев қаласының полициясына Жезқазған қаласының тұрғыны хабарласып, өзінің 5 жасар қызының жоғалғаны туралы хабарлады. Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің жеке құрамы мен еріктілер қатысқан іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бала көп қабатты үйдің біріндегі пәтерден табылды, - делінген хабарламада. 

Қазір қыз бала ауруханада тексерілуде. Күдікті ұсталды.

Ұсталған азаматтың үйінің жанында күдіктіні өздерінің қолына беруді талап ететін бір топ адам жиналған. Тәртіпсіздіктердің жолын кесу үшін құқық қорғау органдарының күш-жігері жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта қаладағы жағдай тұрақтанды, адамдар оқиға орнынан тарқасты.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Сәтбаевқа жол тартты.

Құқық қорғау органдары осы жағдай бойынша әділ және адал тергеу жүргізуі үшін барлық күш-жігер жұмсалатынын жеткізді. Халықтан арандатушылыққа жол бермеуді сұраймыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы