Жеңіс-75. Қазақстан ардагерлерін қалай ардақтайды?

1 Сәуір 2020, 12:00
1379
Бөлісу:
Жеңіс-75. Қазақстан ардагерлерін қалай ардақтайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлерге қандай төлем жасалатынын айтты.

Былтыр Бердібек Сапарбаев вице-премьер болып тұрғанда жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне тұратын өңіріне қарамастан бірыңғай төлем белгілеуді тапсырған еді.

Жеңіс күніне орай ардагерлерге төлемдерді біз бір уақытта және бірдей мөлшерде жасағымыз келеді. Осы ретте әкімдерге ұсыныстар енгіземіз, ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтаймыз. Бірақ кем дегенде 300 мың теңгеден төмен болмайды.Тыл еңбеккерлеріне - 30 мың теңге, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдарға 100 мың теңгеден беріледі,- деді Біржан Нұрымбетов.

Ол төлемдер бұдан да көп болуы мүмкін екенін, оның барлығы өңірлерге байланысты екенін айтты.

Өңірлерде бұл төлемдер одан да жоғары болуы мүмкін, барлығы сол өңірлерге байланысты. Мұндай төлемдердің бірыңғай мөлшері болуы қажет. Әрине, олар төмен болмауы тиіс.  Бұл жеңістің 75 жылдығы, ардагерлердің саны жыл сайын азайып келеді. Сондықтан аянып қалатын ештеңе жоқ, - деді министр.

Айта кетейік, Мәжілістің жалпы отырысында ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Өзгелердің жаңалығы