Жеңіл атлетикадан еліміздің жасөспірімдер құрамасы шетелдік маманмен жаттығуда

15 Тамыз 2019, 04:35
1496
Бөлісу:
Жеңіл атлетикадан еліміздің жасөспірімдер құрамасы шетелдік маманмен жаттығуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталды. Атлеттер неміс маманы Фолькер Вагнер мен бапкер Наталья Вагнердің нұсқауымен жаттығуда. 

Оlympic.kz хабарлағандай, жаттығу жиынына еліміздің барлық аймағынан 24 спортшы қатысуда.

Аға бапкер Сергей Тулапиннің айтуынша, жиынға орта және ұзақ қашықтықтарға жүгіретін спортшылар шақыртылған. Сондай-ақ, жиынға отандық алты бапкер де қатысып жатыр. Олар шетелдік мамандармен бірлесе жұмыс істейді. 

Оқу-жаттығу кезеңі 31 тамызға дейін жалғасады.



Өзгелердің жаңалығы