Жазықбаев: Халықты еститін мемлекеттік қызметкерлер керек

18 Наурыз 2021, 17:58
1819
Бөлісу:
Жазықбаев: Халықты еститін мемлекеттік қызметкерлер керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді мемлекеттік қызметкерлерді іріктеу барысында кәсіби шеберліктен бөлек, тұлғалардың жеке қасиеттеріне көңіл бөлінетін болады. 

Бұл туралы Мемлекеттік істер агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын» бекітті. Бұл бірінші орынға ел тұрғындарын қоятын мемлекеттік басқару моделін құруды көздейді. Яғни халық үніне құлақ асатын, тиімді, есеп беретін, кәсіби, прагматикалық мемлекет қағидаттарына негізделген. Осы шаралар жобалық басқару әдістерін қолдану арқылы іске асырылады. Бұл үшін ұлттық жобалау кеңсесі осы тұжырымдамадан шығатын жобаларды белгілеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - дейді Дархан Жазықбаев ОКҚ-да өткен брифингте.

Ол тұжырымдамада белгіленген міндеттерді жүзеге асыру барысында мемлекеттік қызметке шынайы таланттарды тарту механизмдері жетілдіріледі. Қызметкерлерді іріктеу жүйесін оңтайландырамыз деп отыр. 

Мемлекеттік қызметке талантты жастарды тартуға күш салынады. Биыл президенттік резервке тіркеудің екінші іріктеуі басталады. Біздегі басты мәселе – кәсіби, шын мәнісінде мықты мамандардың жетіспеушілігі. Енді мемлекеттік қызметкерлерді іріктеу барысында кәсіби шеберліктен бөлек, тұлғалардың жеке қасиеттеріне көңіл бөлінетін болады. Іріктеу кезеңі автоматтандырылады. Бұл объективтілікті, әділеттілікті және рекрутингтік процестерден тазалықты және белсенді іздеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді, - деді Мемлекеттік істер агенттігі төрағасының орынбасары.
Раушан АРМАНҚЫЗЫ
Өзгелердің жаңалығы