Жазда демалысы ең арзан елдер анықталды

4 Маусым 2019, 16:53
3935
Бөлісу:
Жазда демалысы ең арзан елдер анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жазда демалуға ең арзан елдердің ішінде Түркия, Венгрия, Латвия, ал ең қымбаттардың қатарында Маврикий мен Ямайка бар. Бұл туралы OneTwoTrip хабарлады.

Рейтинг жасалғанда сарапшылар жаз бойы және жаздың әр айында екі адамға жеті түнге турдың бағасын есепке алды. Сонымен қатар мамандар ең арзан жолдамаларды тапты. Мысалға, Грекияға 180 еуромен демалысқа баруға болады.

Ең қолжетімді он бағыттың қатарына Түркия, Венгрия, Латвия, Грекия, Кипр, Болгария, Грузия, Чехия, Армения және Белорусь елі кірді.
Ең қымбат ай тамыз емес, маусым болды. 

Мамандар жолдаманы шілде айында алған тиімді деп есептейді. Ал егер мерзімі күйіп бара жатқан жолдама алынса, ақшаны айтарлықтай үнемдеуге болады. Грекияға екі адамға ең арзан тур – 79 755 теңге, ал Түркияға 6000 теңгедей қымбаттау болады.

Ал демалысы ең қымбат ел Маврикия болып шықты. Турдың орташа бағасы – 2 млн 322 мың теңге. Мұнымен қоса, шілдеде бұл аралға маусымға қарағанда екі есе арзан бағаға ұшуға болады (2,5 млн және 1,3 млн теңге). 

Екінші орында Ямайка тұр. Бұл жаққа жолдаманың бағасы Маврикиядан бірнеше мыңға арзандау. 
Панама 1,6 млн теңгеге жуық бағамен үшінші орында. Ең қымбат жолдамалардың тізімін Сейшел мен Швейцария жабады.
Өзгелердің жаңалығы