Бас жаңалықтар
Жазғы демалыс балалардың денсаулығына зиян  – ғалымдар
23 Шілде 2019, 19:11 181

Жазғы демалыс балалардың денсаулығына зиян – ғалымдар

Жазғы каникул балалардың денсаулығына зиян дейді мамандар. Жазғы ұзақ демалыс оқушылар мен ұстаздардың психикасына кері әсер етеді, деп мәлімдейді америкалық ғалымдар. Бұл туралы MedikForum жазады.

Мамандардың айтуы бойынша, қыркүйек айында мектепке барарда оқушылар күйзеліс үстінде болады екен. Ғалымдардың айтуынша, бұл күйзеліс жұмыс қабілетін және оқушылардың үлгерімін төмендетеді. Сондай-ақ, балаларда қан қысымы жоғарылап, жүйке жүйесіне де кері әсерін тигізетін көрінеді. Осыған орай дәрігерлер каникулдың мерзімін қысқартуды ұсынып отыр. Баланы мектепке апарар алдында психологқа несеме психотерапевтке апаруға кеңес береді. 


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық