Жаздың алғашқы күніне арналған ауа райы болжамы

1 Маусым 2019, 09:06
2205
Бөлісу:
Жаздың алғашқы күніне арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжамынша 1 маусым күні атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, солтүстік-шығыста нөсер жауады, тек елдің шығысында күн райы ашық болады.

Кей өңірлерде найзағай жарқылдап, жел күшейеді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. 

Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, жел 15-20 м/с күшейеді. Бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрады. 

Күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде күндіз найзағай жарқылдайды. 

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. 

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, күндіз 15-20 м/с жел соғады. 

Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз аптап ыстық болады. 

Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі жоғары.

Өзгелердің жаңалығы