Бас жаңалықтар
Жайықта ғылыми зерттеу жүргізіледі
17 Наурыз 2019, 13:44 724

Жайықта ғылыми зерттеу жүргізіледі

Атырау, BAQ.KZ. Жайық өзенін ғылыми зерттеуге облыстық бюджеттен 80 млн теңге бөлінді. Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының хабарлауынша, аталған зерттеу көптеген проблемалық сауалдарға жауап беруі тиіс.

"Біз қажетті біліктілігі  және ғылыми базасы бар барлық тұлғалар қатыса алатын тендер жариялаймыз. Негізгі мақсат-Жайық және Қиғаш өзендерінің проблемалық мәселелерін зерттеу. Су қоймасының балық қорын қалай толықтырып, ұлғайтуға болады, ихтиофаунаны зерттеу", - деді Артур Сәдібекұлы.

Тендерге қазақстандық, сондай-ақ шетелдік ғылыми-зерттеу топтары қатыса алады.

"Біздің су қоймаларын кешенді зерттеу жұмыстары таяуда басталуы тиіс. Және ол үш ай жалғасады, одан да ұзақ болуы мүмкін. Зерттеудің қорытындысымен барлық проблемалық мәселелер - экологиялық ахуал, ластану себептері, судың сапасы және басқа да мәселелер бойынша мамандардың ұсынымдарын алмақпыз. Бұл нақты ахуалдың көрінісін береді және Жайық өзенінің жай-күйін жақсарту бойынша іс-қимыл жоспарын жасауға көмектеседі" - дейді ол.

Аталған жұмыстар облыс әкімдігі мен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының бастамасымен іске асырылады.

Айта кетейік, бұндай ғылыми жұмыс соңғы 10 жылда жүргізілмеген.

Загрузка...

Сізден жаңалық