Жайымбетов ҚР ИИДМ Құрылыс комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

4 Наурыз 2021, 11:54
1509
Бөлісу:
Жайымбетов ҚР ИИДМ Құрылыс комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Мархабат Жайымбетұлы Жайымбетов берген өтінішіне сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Мархабат Жайымбетов 1965 жылы Қызылорда облысында туған. КСРО Мелиорация және су шаруашылығы министрлігінің Қызылорда политехникумын, Волгоград ауыл шаруашылығы институтын, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, Йорк университетін бітірген. 

Еңбек жолын энергетик болып бастаған, басшылық қызметтер атқарған, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласының әкімі, Арал ауданының әкімі, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды. 

Соңғы жылдары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы