Жайық мәселесін шешу мақсатына 100 млн теңге бөлінді

28 Қазан 2021, 13:16
74738
Бөлісу:
Жайық мәселесін шешу мақсатына 100 млн теңге бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов мәлімдеді. 

Ол Жайық өзенінің  деңгейі түсіп кеткенін, тазарту және қалпына келтіру жұмыстары бірлесіп атқарылатынын айтты. 

Әрине, әрбір мемлекет өз мүддесін көздейді. Қазіргі таңда Ресей тарапының ойы да бірлесіп өзен мен көлдердің мәселесін шешу. Ресей өкілдері бізді кінәлайсыңдар дегенді айтуда. Меніңше, бұл жерде қалыптасқан ахуалға байланысты нақты шешімдер айтылды, - деді ол. 

Сонымен қатар вице-министрдің мәлімдеуінше, климаттық проблема таралған аумаққа және Жайықтың мәселесін шешу мақсатында 100 млн теңге бөлінген. 

Жайықтағы жағдайдың алдын-алу үшін өзен бойындағы кедергілер алынып жатыр. Сонымен қатар су мөлшері тапшы жерлерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Өңірге бөлінген 100 млн теңге 2024 жылға дейін Атырау мен Орал аймағына жұмсалады,- дейді Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов.



Өзгелердің жаңалығы