Жәйремдегі төбелестен кейін 7 адам ұсталды

20 Тамыз 2019, 13:39
1844
Бөлісу:
Жәйремдегі төбелестен кейін 7 адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біреудің мүлкін ұрлады және бұзақылық жасады деген күдікпен 22-33 жас аралығындағы Жәйрем ауылының 7 тұрғыны ұсталды.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, ұсталған азаматтар заңсыз әрекетін мойындап, уақытша ұстау изоляторына жіберілді.

Айта кетейік, 12 тамызда Жәйрем кен-байыту комбинаты жұмысшыларының қатысуымен жанжал болды. Бірнеше шетелдік жұмысшы жеңіл жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Кейіннен полиция департаментінде төбелес тұрмыстық себептермен болғанын айтты. 

Сондай-ақ, Жәйрем кентіндегі оқиғаны реттеу үшін Ерлан Қошанов барды. Артынша Қарағанды облысының полиция департаменті Жәйрем кентінде тау-кен байыту комбинатынының жұмысшылары арасында болған келіспеушіліктерге байланысты түсініктеме беріп, қазіргі уақытта кенттегі жағдай тұрақты екенін айтқан болатын.

Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы