Жайдарман ойындары жазғы фестивалінің жеңімпазы анықталды

15 Тамыз 2019, 10:48
4160
Бөлісу:
Жайдарман ойындары жазғы фестивалінің жеңімпазы анықталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жастар жылы аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты бойынша көптеген жоба жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірі - Қазақстан КВН Одағы Республикалық жастар қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырған жазғы фестиваль. 

Нұр-Сұлтан қаласында өткен жайдарман ойындарының республикалық жастар жазғы фестиваліне еліміздің әр аймағынан өнер көрсетуге ниетті топтар саны жыл санап артып келеді. Биылғы сайысқа Жоғары лигада бақ сынап жатқан жайдарман жұлдыздары мен жас командалардан құралған 15 топ қатысты. 

MlK1xpMJME0.jpg

Өнерлері мен тапқырлықтары тең түскен жайдарман топтарына Дана Нұржігіт, Бақтияр Артаев, Дәулет Кәрібек, Бақтияр Мәкен, Ерлан Аңдасбаев есімді тұлғалар қазылық етті.  

njKi8sQ_qsI.jpg

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универсиетінің жастарынан құралған «Эконом класс» командасы иеленсе, ІІ орын елордалық «Сарыарқа құрамасына» бұйырды. Ал, республикалық деңгейде алғаш рет сахна төріне шыққан Шығысқазақстандық «АҚ» командасы «Жазғы фестиваль жеңімпаздары» атанып, үлкен кубокты иеленді. 

WhatsApp Image 2019-08-13 at 16.01.32.jpeg

Халықаралық жастар күніне арналған сайыс жоғары деңгейді өтіп, осылайша жас командалардың жайдарман әлеміндегі қанаттарының кеңге жайылуына мүмкіндік берді.

Өзгелердің жаңалығы