«Жаужүрек полк» акциясы онлайн өтіп жатыр

9 Мамыр 2021, 10:19
2849
Бөлісу:
«Жаужүрек полк» акциясы онлайн өтіп жатыр
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, 9 мамыр Ұлы Жеңіске 76 жыл толып отыр. Бұл күні елімізде жыл сайын «Жаужүрек полк» акциясы өтеді. Биыл аталған акция онлайн форматта ұйымдастырылды.

«Жаужүрек полк – Бессмертный полк» акциясының мақсаты – 1941-1945 жылдары соғысқа қатысқан азаматтардың ерлігін естен шығармау және өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, бейбіт күннің қадірін түсінуге тәрбиелеу.

Еске сала кетсек, қазақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері Ұлы Отан соғысының батырларына арналған Qaharman1945.kz порталын іске қосты.


 

Қазақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері «Мәңгілік полк» акциясын онлайн форматта өткізу үшін портал жасап шығарды. Жоба атауы - «Жаужүрек полк». Жоба авторларының ішінде «Ұлттық Пікірсайыс Федерациясының» президенті, «Jaqsy Bolady» YouTube арнасының авторы Бұхарбай Болат, танымал тележүргізуші Махаббат Есен, блогер Яков Федеров және «Ave adicus» YouTube арнасның авторы Әшірбек Әділет.

 

Жоба авторлары әлемдік пандемияға байланысты акцияны офлайн форматта өткізу мүмкін емес екенін ескеріп, соғыс батырларына онлайн форматта ерекше құрмет көрсетуді ұйғарды.

Сонымен қатар, жоба Қазақстанның Екінші дүниежүзілік соғыстағы рөлі мен жекелеген қазақстандық батырлардың жетістіктері туралы баяндайды.

Батырлар құрметіне арналған онлайн шеру сағат 10:00-де жобаның әлеуметтік желілердегі парақшаларында басталды.

Қазақстаннан майданға аттанған 1,2 млн жауынгердің 600 мыңы соғыстан қайтып оралмады. Бүгінгі таңда Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысының 665 ардагері және 113 555 соғыс мүгедектері бар.

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне ай сайын 182 мың теңге және Екінші дүниежүзілік соғыс мүгедектеріне 188 мың теңгедей әлеуметтік төленеді.

Одан бөлек, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Жеңіс күні қарсаңында жергілікті атқарушы органдар 6,4 млрд теңге бөлді. Екінші дүниежүзілік соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне 1 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы