Жауынгерлік қызмет – әскердің діңгегі

7 Мамыр 2022, 12:46
2928
Бөлісу:
Жауынгерлік қызмет – әскердің діңгегі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Отан қорғаушы – абыройлы мамандық. Әскеріміз бейбіт күнімізді күзетіп, жау келген жағдайда алдымен қалқан болатыны айдан анық. Десе де, әскердің де түрлері көп, бір қараған адамға айырмашылығы білінбейтін әскеріміз де қызмет ерекшелігі бойынша өзара бөлінеді. 

Әсіресе, Ұлттық ұланы  еліміздің ішкі тыныштығы мен құқықтық тәртібін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Күн сайын бес мыңнан аса ұландық әскери полиция қызметкерлерімен бірге, 19 қалада қоғамдық қауіпсіздікті қадағалайды. Тәуліктің 24 сағатында жауынгерлік қызмет атқарады. 

Жауынгерлік қызмет – әскердің діңгегі

Бүгін біз құқықтық тәртіп әскерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік бағытына жауапты әріптесіміз подполковник Ермек Тұрғынов туралы сөз қозғағанды жөн санадық. Ол - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығы Жауынгерлік қызмет бас басқармасында қызмет атқарады. Қоғамдық тәртіпті ұйымдастыру бойынша аға офицер. 

Ермек Мықтыбайұлы Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Ұлттық ұланының Академиясын тәмамдаған. Взвод командирінен бастап, әскери бөлімінде жауынгерлік қызмет офицері секілді лауазымдардың барлығын өткен. Қызметінде оң нәтиже көрсетіп, Бас қолбасшылықтағы жоғары лаузымға тағайындалды. 

Ол қызметінде сенімді дос, үлгілі қарулас болса, үйінде аялу жар, адал әке. Жан жары Ботагөз Жияншақызы екеуі Малика, Санжар есімді ұл-қызды тәрбиелеп отыр. 

Жауынгерлік қызмет ұғымының аясы кең. Қалыптасу, құрылу, даму кезеңінде біз ІІО-мен және елдің басқа да күштік құрамдастарымен бірлесіп, өзіміздің жауынгерлік еңбегімізбен қоғамымыздың тұрақтылығы мен тыныштығын қамтамасыз етеміз, - деп Ермек Мықтыбайұлы, жалпы жауынгерлік қызмет, өзінің тікелей жауапты қоғамдық тәртіпті ұйымдастыру бөлімі туралы әңгімесін бастады.

Оның айтуынша,  Ұлттық ұланға бифункционалды мән беріледі, мемлекеттің әскери ұйымының ажырамас бөлігі бола отырып, біз өз қызметіміздің мәселелерін әскери-полиция міндеттерінің призмасы арқылы қарастырамыз. Жауынгерлік қызмет іштей бірнеше тармаққа бөлінеді. 

Атап айтқанада қылмыстық-атқару жұйесі мекемелерін күзетуін ұйымдастыру, арнайы және әскери тасымалдау, кинология қызметі мен өзім қызмет атқаратын қоғамдық тәртіпті ұйымдастыру іспетті бағыттар бар.   Бір сөзбен айтқанада, жауынгерлік қызмет – әскердің дінгегі. Барлық салаға жауап бере алмаймын. Алайда, қоғамдық тәртіп туралы бір-екі ауыз сөз айтып өтейін. Мысалы, Ұлттық ұлан жасақталғаннан бергі уақытта 13 мыңға жуық қоғамдық-саяси және басқа да бұқаралық іс-шараларды қамтамасыз етті. Атап айтқанда, Бесінші Астана экономикалық форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сьезі, 2010 жылы өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті, 2011 жылғы Азия ойындары, ТМД елдері басшылары кеңесінің және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырыстары, - деді Тұрғынов. 

Ол атағандай, 2017 жылдың ақпанында Алматы қаласында болған 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиада кезінде ұлан жауынгерлері қызметтерін абыроймен атқарып, дүбірлі доданың қауіпсіздігін қас қақпай қамтамасыз етті. 

Ал екінші ерекше шара – 2017 жылдың үш ай жазында Астанада өткен мамандандырылған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі. Оған әлемнің 115 мемлекетінен және 22 халықаралық ұйымнан делегациялар келді. Осындай ел өміріндегі елеулі оқиғаларда Ұлттық ұланның жауынгерлері күндіз-түні қауіпсіздікті қадағалап, тыныштық жолында тыным таппай қызмет жасады. Универсиада кезінде жеке құрамнан 1200-дей жауынгер тартылды. Ал «ЭКСПО-2017» көрмесінде 1500 жауынгер қоғамдық тәртіпті қорғады. Жүйелі түрде жүргізілген жұмыстар нәтижесіз емес. Оған сандар айғақ. Соңғы жылдары көшеде болатын қылмыс саны 40 пайызға дейін азайған. Сонымен қатар, кешегі төтенше жағдай орын алғанда карантиндік шаралар қамтамасыз етті,-дейді ол.

Баршамызға белгілі, қызметтік иттер Ұлттық ұланда кеңінен қолданылып келеді. Қылмыскерлерді, есірткі мен қаруды іздейді. Тәртіп бұзушыларды ұстайды. Жоғалған азаматтарды табуға көмектеседі. Күн сайын құқықтық тәртіп әскерлеріндегі қызметтік-жауынгерлік әрекетке қатысады. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі төрт аяқты сенімді достарымыздың орны ерекше. Бұл туралы Ермек Мықтыбайұлы былайша сыр шертеді. 

Жауынгерлік қызмет – әскердің діңгегі

Әрине, қызметтік иттердің бізге келтіретін пайдасы көп. Бізде қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысып, үздік нәтиже көрсеткен қызметтік иттер бар. Мысалы, 6697 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонының "Джек" лақап атты қызметтік иті бар. Қоғамдық тәртіпті сақтау және ішкі істер органдарына көмек көрсету бойынша қызмет атқару кезінде "Джек" жоғары нәтижелер көрсетті. "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы барысында ішкі істер органдарына көмек көрсетті.  Қызметтік ит жалпы салмағы 76 гр.болатын, ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес затты қалтасына жасырған азаматты анықтап береді. Сонымен бірге 2021-2022 жылдар кезеңінде қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша қызмет атқару кезінде өте жақсы нәтижелер көрсеткен көкшетаулық «Малыш» атты қызметтік ит бар. Осы уақытқа дейін бірде-бір тәртіп бұзушыны жібермеді. «Малыштан» әлі ешкім қашып құтылған емес, - дейді ол. 

Ол бір оқиғаны мысалға алды. 

Әскери жасақ күдікті азаматты байқайды.  Әскери жасақ ер адамнан тоқтауды сұрайды. Ол ұландықтардың айтқанына құлақ аспай, бірден аулаларға қашып жөнеледі. Патрульші-кинолог сержант Д. Рахметов «Тоқта! Мен қызметтік итті қолданамын!» деп айқай салады. Қашқын ескертуге жауап берген жоқ, содан кейін тұмылдырықтағы «Малыш» қуа жөнеледі. Қызметтік ит қашқынды қуып жетеді де, жерге құлатады. Патрульшілер келгенше еш жерге жібермей ұстап тұрады. Ұсталған азамат Л.-ды тексеру барысында оның ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша іздестіріліп жатқаны анықталды. Ұсталған азамат Көкшетау қаласының полиция басқармасына жеткізіледі, - деді ол. 

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп жарияланды. Ермек Мықтыбаұлы ұландық жауынгерлер үнемі балаларға көмектесетінін айтады. 

Офицердің айтуынша, күн сайын Ұлттық ұланның сарбаздар мен офицерлер ұялы телефондарды, ноутбуктерді, ақша мен есірткіні табады. Сондай-ақ әскери қызметшілер азаматтарға балалары мен басқа туыстарын табуға көмектеседі. Өткен жылы Ұлттық ұланның әскери қызметшілері 22 жоғалған баланы тауып, жақындарына қайтарды. 

Көбіне балалар жазғы уақытта жиі жоғалады. Қалалық саябақтарда, жаппай мереке орындарында белсенді отбасылық демалыс кезінде болады. Балалар алаңда қалып қалады, кейде жүгіріп кетеді. Ата-аналар баласын өз бетінше таба алмайтын жағдайлар көп болды. Әскери жасақ әрқашан жалғыз жүрген балаларға назар аударады. Ұландық жауынгерлер олармен амандасады, сөйлеседі, кіммен жүргенін сұрайды. Балалар әскери формадағы адамдарға сенеді. Сондықтан олар жоғалып кеткенін және үйге жол таба алмай жүргенін жасырмай айтады. Нәтижесінде біз дереу шара қолданып, балаларды жақындарына қайтарамыз, - дейді Ұлттық ұлан жауынгерлік қызмет бас басқармасының аға офицері Ермек Тұрғынов.

Өзгелердің жаңалығы