Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады

25 Наурыз 2019, 09:10
2241
Бөлісу:
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 25 наурызға арналған ауа райы болжамын жасады.

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, тек республиканың солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, найзағай, желдің күшейюі сақталады.

Қызылорда, Манғыстау, Шығыс Казақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшейюі, Қостанай облысында күндіз екпіңі 23 м/с, Қызылорда облысында күндіз шанды дауыл күтіледі. 

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің 15-20 м/с күшейюі күтіледі, Батыс Қазақстанның кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. 

Ақмола, Жамбыл, Солтустік Қазақстан, Қарағанда, Павлодар, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Өзгелердің жаңалығы