Жауапкершілік қатаңдаса да, браконьерлік жағдайлар тоқтамай тұр – Данияр Тұрғанбаев

6 Қазан 2021, 13:30
2081
Бөлісу:
Жауапкершілік қатаңдаса да, браконьерлік жағдайлар тоқтамай тұр – Данияр Тұрғанбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғанбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, браконьерлікті анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты күшейту мақсатында жыл сайын біздің министрліктің, ІІМ мен ҰҚК-нің бірлескен бұйрығымен көктемгі және қысқы кезеңдерде кең ауқымды «Киік» табиғат қорғау акциясын өткізу жоспарлары бекітілген.

Бұл акцияны іске асыру шеңберінде алдын алу іс-шаралары жандандырылды, киіктердің браконьерлігіне, олардың дериваттарын, сондай-ақ ел аумағындағы жабайы фаунаның басқа да түрлерін өткізуге және сатып алуға маманданған бірқатар қылмыстық топтардың жолы кесілді. Жыл басынан бері инспекторлар киіктерге браконьерліктің 56 фактісін анықтады, 4077 мүйіз және 141 киіктің ұшасын тәркіледі, -деді ол.

Тұрғанбаев аталған іс-шаралардың тұрақты негізде жаңа әдістемелер мен технологияларды пайдалана отырып жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Барлық қабылданып жатқан шараларға, сондай-ақ браконьерлік үшін қылмыстық жауапкершіліктің қатаңдатылуына қарамастан, браконьерлік жағдайлары тоқтатылмай отыр, -дейді Данияр Тұрғанбаев.

Сонымен қатар ол қазіргі уақытта Орал популяциясының киіктерін сақтау мақсатында Батыс Қазақстан облысының Қазталов, Жәнібек, Бөкей Орда және Жаңақала аудандарының аумақтарын қамтитын жалпы ауданы 343040,1 га, жалпы ауданы 124381 га резерваттың қорғау аймағымен «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватын құру мәселесі пысықталып жатқанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы