Бас жаңалықтар
Қазақстан қырғыз өнімдеріне қатысты тиісті жауап шараларына дайын
29 Ақпан 2020, 10:58 356

Қазақстан қырғыз өнімдеріне қатысты тиісті жауап шараларына дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда және интеграция министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссияға ЕАЭО алаңында қырғыз тарапының ЕАЭО мүше-мемлекеттерінен тауарларға қатысты бақылау бағаларының ең төменгі деңгейін қолдану мәселесін қайта қарау туралы жолдаған өтінішін ДСҰ хатшылығына да жіберді.

Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстандық тауарларға, сондай-ақ ЕАЭО-ның басқа елдерінің тауарларына бақылау бағаларының ең төменгі деңгейін қолдануы арқылы қырғыз билігі негізінде қосымша төлемдерді енгізуде. Осылайша, егер қазақстандық өндіруші Бішкекке кг-ның орташа бағасы 17 сомнан ұн әкелсе, бұл ретте қырғыздың салық қызметтері 22 сом/кг мөлшеріндегі бақылау бағасының ең төменгі деңгейін есепке ала отырып ҚҚС алады. Басқа тауарлар бойынша да дәл сол жағдай, мысалы, көктемгі-жазғы кезеңде жұмыртқаның бағасы 2 сомды құрайды, бұл ретте бағаның ең төменгі деңгейі – 4,9 сом болып есептелінеді. Ең төменгі бағаны анықтау тәртібі айқын емес, қырғыз үкіметінің қаулысымен белгіленген ең төменгі бағалар негізделмеген, - деп сауда және интеграция министрлігі түсіндіреді.                                                                
Негізінен бақылау бағаларының ең төменгі деңгейі тамақ тауарларына, оның ішінде ұн, қант, күріш, оның ішінде ұсақталған жұмыртқа, сыра, сондай-ақ цементке, көмірге қолданылады. Барлық көрсетілген тауарлар дәстүрлі түрде Қырғызстанға қазақстандық экспорттың негізін құрайды. Бақылау бағаларының ең төменгі деңгейін қолдану салдарынан ҚҚС-тың ұлғайтылған сомасын төлеу Қырғызстан нарығындағы қазақстандық тауарлардың бағалық бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етеді.

Бұл механизм қырғыз тауарларына да, үшінші елдерден әкелінетін тауарларға да қолданбауы себебінен атап айтқанда "ұлттық режим" және "неғұрлым қолайлы режим" халықаралық сауданың негізін қалаушы қағидаттары бойынша ЕАЭО және ДСҰ құқығының тікелей бұзылуы болып табылады. Сондай-ақ Бішкек қолданатын бұл нормалар ДСҰ-ның кедендік құн туралы келісімінің ережелеріне сәйкес келмейді.

Қырғызстан өзінің халықаралық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Қазақстан қырғыз тауарларына қатысты құқықты пайдаланып парапар шараларды қолдануға ниетті.

Қазақстанның ДСҰ және ЕАЭО алаңдарындағы үндеулерін ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында қарау жоспарланып отыр.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...