Бас жаңалықтар
Сарапшы: Жатақхана мәселесін шешу – студенттердің сапалы білім алуына негіз болады
31 Қаңтар 2019, 17:35 512

Сарапшы: Жатақхана мәселесін шешу – студенттердің сапалы білім алуына негіз болады

Астана, BAQ.KZ. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы елімізде жатақханаларды салу және осы жұмыста мемлекет пен жеке меншік серіктестігі қағидасының негізінде шетелдік тәжірибені пайдалану қажеттігін ерекше атап өтті. Осыған орай ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дың (KAZISS) бөлім басшысы Алуа Жолдыбалина өз ойын айтты. 

«Cтуденттер үшін өзекті мәселелердің бірі жатақхана мәселесін шешу бойынша нақты міндеттер айқындалды. Осы орайда, жатақханалардың жетіспеушілігі мәселесінің шешілуі студенттердің тұрмыстық қиындықтарға тап болмай, бар күш жігерін оқуға жұмсауына жағдай жасайды. Жатақхана мәселесі бүгінде көптеген мемлекеттер үшін, оның ішінде дамыған мемлекеттер үшін күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Мысалы, бүгінде Берлин қаласында жатақханаларда тек 9500 орын ғана бар, ал Берлинде студенттер саны 150 мыңға жуық» - дейді ол.

Сонымен қатар ол бұл мәселе бойынша өзге де шетелдік білім орындарының жағдайын айтып өтті.

«Канада университеттерінің консорциумы мәліметтеріне сәйкес тек 16% канадалық студенттер жатақханада тұрады. Университеттердің тек 2/3 бөлігі ғана студенттерге жатақхана бере алады. Сондай-ақ 75% университеттің жатақханасы бар. Көп жағдайда, ЖОО тек бірінші курс студенттерін ғана жатақханамен қамтамасыз етеді. Бүгінде Қазақстанда 500 мыңға жуық студент бар, оның 41% басқа аймақтардан, елді-мекендерден келгендер, сол себепті, оқу барысында жатақханаға мұқтаж болу мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды» - дейді сарапшы.

Оның айтуына қарағанда бұл өзекті мәселені еліміздің бірқатар жоғарғы және орта білім беру мекемелері шешіп алған.

«2018 жылдың өзінде Қазақ ұлттық медицина университеті 512 орынға арналған жатақхана салды. Қазіргі уақытта бірқатар аймақтар, атап айтқанда, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстары жатақхана салу мәселесі бойынша жобалық сметалық құжаттаманы дайындауда» - дейді ол.

Сізден жаңалық